Екібастұзда жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен көлік жүргізушісі жазаланды
Павлодар облысында полиция жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан автокөлік жүргізушісін тауып, жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұзда ВАЗ жүргізушісі тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны видеоға түсіп қалған. Қала тұрғыны Екібастұз қаласының Королева көшесіндегі 9 және 11 мектептер арасында жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан жүргізушінің әрекетіне ашуланды.
@up.ekibastuz инстаграм парақшасының директіне түскен бейненің арқасында полицейлер 59 жастағы жүргізушіге жолдың жүріс бөлігінде көлік құралының орналасу ережелерін бұзғаны, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, онда 15 (он бес) АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
– 2024 жылы жүргізушілердің жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуар арқылы өтуі үшін 53 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті ЖПҚБ бастығы Талғат Шанкотов.