Мас күйде көлік басқарған атыраулық жүргізуші ұсталды
Мас күйде көлік басқарған атыраулық жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қазан күні сағат 23:30 шамасында Вокзал ықшам ауданы тұсында Toyota Highlander автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі күдік тудырған күйінде ұсталды. Тексеру кезінде көлікті есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны анықталды. Оған қатысты хаттама жасалды.
Сонымен қатар дәл сол күні 4 жүргізушінің көлікті жүргізу құқығынан айырылған күйде басқарғаны және жүргізу куәлігін алмағандары анықталып, автокөліктері арнайы тұраққа қойылды.
Осы ретте полицейлер жол қағидаларын өрескел бұзу өзіңіздің және өзгелердің өміріне аса қауіпті екенін және қатаң жауапкершілікке тартылатынын еске салады.