Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Абай облысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлікті басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөлікті анықтады. Бақылау камераларын қадағалау барысында құқық бұзушылық тіркелген.

Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Бұл бапта жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны, сондай-ақ нөмірлерді анықтауға кедергі келтіретін немесе нөмірді өзгертетін құрылғылар мен материалдарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушыға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру