Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Алматыда 6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынды

Алматы қаласы жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынды, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 203 заңсыз әрекет тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмысты тіркеудің артуына ҚР Қылмыстық кодекске қосымша баптардың енгізілуі әсер етті.

– Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты негізгі алдын алу шаралардың бірі – олармен үздіксіз профилактикалық жұмыс жүргізу. Жыл басынан бері 6193 адам профилактикалық есепке қойылып, 5607 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды, ал 586 құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылды. 156 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Сонымен қатар қорғау тәртібін бұзғаны үшін 294 адам, құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды бұзғаны үшін 189 адам, ұрып-соққаны үшін 1303 адам, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 751 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Алматы полициясы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге жеке көмек көрсетеді. Біздің көмегімізбен 140 балалы әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылып, оларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар 99 азамат психо-коррекциялық бағдарламаға жіберілді, – деді Айтан Елеусізов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру