Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД бастығы сала ардагерін 60 жас мерейтойымен құттықтады

Қызылорда облыстық ҚАЖД бастығы сала ардагерін 60 жас мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ардагерлерге құрмет – ізеттіліктің белгісі. Осы орайда Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев және Ардагерлер кеңесі ҚАЖ саласында көп жыл жемісті қызмет еткен ардагер Алтынбек Арғынбекұлын 60 жас мерейтойымен құттықтады.

Ардагердің ҚАЖ саласына сіңірген еңбегін, атқарған жұмысын атап өткен департамент бастығы оның кәсіби шеберлігі мен қызметтегі жауапкершілігіне алғыс білдіріп, салаға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Шаймерден Есенкелдиев ардагердің көпжылдық еңбегін ерекше атап өтіп, алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетер болсақ, Алтынбек Арғынбекұлы ҚАЖ жүйесінде ұзақ жыл бойы қызмет атқарып, қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Мерейлі мереке күні бедел мен құрметке ие болған ардагер департамент бастығы мен ҚАЖ департаменті Ардагерлер кеңесіне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру