Ұлытауда жұмысқа орналастырамын деп алдап, ақша алған күдікті ұсталды
Ұлытау облысында жұмысқа орналастыруға уәде беріп, тұрғыннан алдап ақша алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәтбаев қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 2023 жылы «Казақмыс» корпорациясына оператор-программист лауазымына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 400 000 теңге көлемінде ақша алып, алдап кеткен танысы жайлы шағымданды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 30 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны анықталды.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.