Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда күдіктіден 71 киік мүйізі тәркіленді

Атырауда күдіктіден 71 киік мүйізі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Браконьер – 2024” жедел профилактикалық іс-шарасы  кезінде киік мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі.

Полицейлер қала аумағындағы ойын-сауық орталығының жанында күдік тудырған Toyota Highlander автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Тексеру барысында автокөлік салонынан пакетке салынған 71 дана киік мүйіздері анықталды. 

Аталған дерек негізінде, киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға  жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру