Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының бас полицейі Нұрсұлтан Мукашев тәртіп сақшыларына өңірдің барлық жолдарын қарқынды патрульдеуді тапсырды.

– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту мақсатында жолдарды патрульдеу жалғасады. Бүгін, 11-13 қазан аралығында күшейтілген режимде жұмыс істейтін боламыз. Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын сақтау мақсатында өз жұмысымызды жауапкершілікпен орындаймыз! – деп түйіндеді Ақмола облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Уалихан Жунуспеков. 

Қазір жолдарда болып жатқан жағдайды ескере отырып, сағат 18:00-де Астана – Петропавл автожолына, Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін, 18-ден 304 км-ге дейін барлық көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу енгізілетін болады.

Полиция бұл күндері автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге абай болуды ескертеді және жүргізушілерді көліктерін дайындауға, дөңгелектерді қысқы резеңкеге ауыстыруға шақырады. Ең бастысы – жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау және жүргізуші мәдениетінің деңгейін арттыру. Өзара сыйластық пен тәртіп – жолдардағы қауіпсіздіктің кепілі және еліміздің ең ірі мегаполисінде апаттылықты төмендету мәселесінде шешуші факторлардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру