Шымкентте полицейлер кадр жұмысын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өткізді
Шымкентте полицейлер кадр жұмысын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара «Кадр сапасын даярлаудың бүгінгі күннің динамикасы: өткені мен болашағы» тақырыбында өтті. Семинардың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, даярлау және ішкі істер органдары ардагерлерінің тәжірибесімен алмасу. Семинар Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Ергешовтың төрағалығымен өтті. Сондай-ақ, Шымкент қаласы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы және кадр саласының майталмандары қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Бұл жиында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 4 векторлы саясатының жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, кадрлық жүйенің әділеттілігі, тәртіп пен заңдылықты нығайту және кәсіби даярлықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Шара соңында, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған обелискке гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.