Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері есірткі таратушыны қолға түсірді

БҚО полицейлері есірткі таратушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Орал қаласының 20 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Ол интернет-дүкенге жұмысқа орналасып, мотоциклмен синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан. Жедел-тергеу әрекеттері нәтижесінде 18 zip-пакетте есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар Орал қаласының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қаладағы саябақтардың бірінде тағы бір 20 жастағы тұрғынды ұстады. Тінту барысында оның қалтасынан ақ түсті ұнтаққа ұқсас “тұз” есірткісінің бір орамы табылып, тәркіленді.

Бұған қоса, орман алқабында 40 жастағы ер адам ұсталып, одан қарасораға ұқсас өсімдік салынған пакет тәркіленді.

Барлық оқиғалар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру