Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты

Екібастұз полицейлері ата-анасымен ұрсып, үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазанда Екібастұз қаласының полициясына 16 жастағы жасөспірімнің ата-анасы өтініш білдіріп, қатарынан екінші күн ұлының үйде жоқ екенін хабарлады. Белгілі болғандай, ол барлық бос уақытын өткізетін телефон үшін ата-анасымен ұрысқан.

Жасөспірімнің жүрген орнын анықтау мақсатында Павлодар облысы ПД жеке құрамы бағдарланды. Сонымен қатар еріктілер де атсалысты. Іргелес үйлердің аулалары түгел қаралды, көршілер мен достарынан сұхбат алынды.

– Жүйелі іздеу жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер оны әжесінің үйінен тапты. Қазіргі уақытта жасөспірім ата-анасына табысталды, онымен және ата-анасымен бақылауды күшейту туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

Көбінесе баланың үйден кетіп қалу себебі – отбасындағы жанжал. Бұл баланы біреу ұрады немесе ренжітеді деген сөз емес. Мысалы, оқушы екі алды, қымбат телефонын жоғалтты немесе сындырды осындай жағдайда жасөспірімдер ересектердің жазасынан қорқады да, үйден кетіп қалу дұрыс деп ойлайды.

Жасөспірім кез келген жағдайда оны ұзақ және мұқият түсіну керек. Баламен сөйлесу, оның өміріне қызығушылық таныту маңызды. Ата-ана баласын ешуақытта назардан тыс қалдырмау керек. Жақын байланыс орната алуы керек.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері 84 кәмелетке толмағанды іздестірді. Полицейлер ата-аналарға баланың орналасқан жерін бақылау қажеттілігі және оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Сонымен қатар отбасындағы келеңсіз оқиғалар балаға үлкен әсер етеді және оның өз үйінен кетуінің басты себебі болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру