Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бейнебақылау камералары арқылы ЖҚЕ бұзу деректері анықталды

Ақтөбе облысында 15-17 қазан аралығында жолаушыларды тасымалдау саласындағы заңнаманы сақтау және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында “Тасымалдаушы” республикалық ЖПІШ өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында іске қосылған камералардың жұмысын талдау барысында облыс орталығының көшелерінде ЖҚЕ бұзу деректері бойынша ең көп таралған бұзушылықтар анықталды. Ол – жылдамдық режимін асыру.

Осыған байланысты, 16 тамыздан бастап жылдамдықты өлшейтін 66 автоматтандырылған бейне бақылау камерасы іске қосылды.

Аталған бейнекамералармен 58 мыңнан астам ЖЖЕ бұзушылығы, оның ішінде 4 мыңға жуық жылдамдық режимін бұзған 400 шетелдік тіркеуде тұрған автокөлікке қатысты құқық бұзушылық тіркелді.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасы қызметкерлері 35 млн теңге қарызы бар шетел мемлекетінде тіркеуде тұрған 42 автокөлікті анықтап, арнайы тұраққа қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру