Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Қызылорда облысында 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қызылорда облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы күресті үздіксіз жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі – ғасыр дерті. Оның алдын алу бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Бұл мақсатта елімізде 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешені әзірленіп, бекітілді. Осыған орай Қызылорда полицейлері ұлт болашағына қатер төндіретін бұл дертпен күресті белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Өңірде жыл басынан бері тәртіп сақшылары 256 құқық бұзушылықты, оның ішінде 107
есірткі қылмысы мен 149 теріс қылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 48,9 келі марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1 келі гашиш тәркіленді. Екі есірткі зертханасы анықталды.

https://youtu.be/a9zhQd7dxsY

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде меф және a-PVP синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде тасымалдаудың төрт дерегі анықталып, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды.

Тәртіп сақшылары прокуратура, «Amanat» партиясының өкілдері және еріктілермен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша ауқымды акция өткізді. 50-ден астам граффити-жазу өшірілді. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 141 сайт енгізіліп, бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру