Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер 3 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұлы бар жүргізушіні анықтады

Қарағандыда полицейлер 3 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында қала көшелерінің бірінен шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жеңіл автокөлік тоқтатылды. Аталған көліктің басқаруында 23 жастағы қала тұрғыны болған.

Жүргізілген тексеріс барысында көлік жүргізушінің жол жүру ережесін өрескел бұзушы екені анықталып, оның жалпы соммасы 2 миллион 800 мың теңгеге 106 әкімшілік құқық бұзушылығы бары белгілі болды.

Сондай-ақ тексеріс барысында көлік жүргізушіде көлікті басқару кезіндегі міндетті сақтандыру полисі болмаған. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру