Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында патрульдік полицейлер есірткі тасымалдаған жүргізушіні ұстады

Алматы облысында патрульдік полицейлер есірткі тасымалдаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Mercedes Benz E300 автокөлігін тоқтатқан, жүргізушісі болжам бойынша есірткілік мас күйде болды. 

Автокөлікті тексеру кезінде салоннан 134 грамм марихуана табылып, тәркіленді.  

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің есірткі құралдарын  қолданғанын анықтады.  

Көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.  

Есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру