Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жалған құжатпен жүрген шетел азаматы ұсталды

Қостанайда жалған құжатпен жүрген шетел азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заңсыз келуші-2024” операциясы барысында облыс орталығында орналасқан құрылыс нысандарының бірінде көші-қон қызметінің мамандары көршілес елдің 45 жастағы азаматын ұстады. Бұл азамат 2022 жылы Қазақстаннан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шығарылған еді. Алайда ол төлқұжатына жалған мәліметтер енгізіп, елге қайта оралған.

Полицейлер шетелдіктің жеке басын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен ол 7 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Ұсталған азаматтың ісі Қарағанды облысының полициясына жолданды, сол аймақтың тәртіп сақшылары оны Қазақстаннан шығару процесін қадағалайтын болады.

Айта кетейік, “Заңсыз келуші-2024”  іс-шарасының нәтижесінде құқық қорғау органдары 130-ға жуық шетелдік азаматтың елде болу ережесін бұзғанын анықтап, оның ішінде 8 адамды елден шығарды.

Сот шешімімен елден шығарылған шетел азаматтары белгіленген уақыт ішінде Қазақстаннан кетуі тиіс. Бұл талапты орындамаған жағдайда, оларға қозғалыс еркіндігін шектеу және мәжбүрлеп шығару секілді заңды шаралар қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру