Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ТҚС қызметкері клиенттің көлігімен “демалысқа” шығып кеткен

Астанада техникалық қызмет көрсету станциясында (ТҚС) клиенттің көлігін ұрлау оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленуші автокөлігін жөндеуге тапсырғаннан кейін, күтпеген жерден полициядан хабарлама алады – көлігі жол бойында табылған екен.

Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізген ТҚС қызметкері болып шықты. Қызметкер клиенттің көлігін өз мақсатында пайдаланып, қала сыртына шықпақ болған. Бірнеше күн бойы көлікпен жүрген соң, Астрахан тас жолында көлік бұзылып қалады. Қаскүнем көлікті сол жерде тастап, өзі басқа көлікке отырып кетеді.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік иесіне жарамды күйде қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру