Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері жол апатынан зардап шеккен қызға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда 5514 әскери бөлімінің сарбаздары жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендерге көмектесті.

Оқиға 21 қазанда кешкі уақытта Орманов көшесінде болған. Chevrolet көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Әскери жасақ бастығы Мадияр Мақанов пен патрульші сарбаздар қатардағы Нұржігіт Әділханұлы, Айдын Еркінұлы және Тасқын Елеусізов аталмыш оқиғаға куә болды.

Ұландықтар уақыт жоғалтпай, бірден көмек көрсетті. Әскери жасақ бастығы дереу оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

– Біз дереу зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Жедел жәрдем келгенге дейін бойжеткен есін жиды, – дейді әскери жасақ бастығы Мадияр Мақанов.

Ұландықтардың жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптарға жол берілмеді. Жедел жәрдем бригадасы келгенде әскерилер тұрғынды медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру