Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №28 мекемесінде сотталғандардың еңбек ұйымдары жөніндегі жұмыс тобының кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлері қатысты. Кеңесті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Алпысбаев басқарды.

Кеңес барысында сотталғандарды өндірістік аймақта жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мекемеге көліктердің кіріп-шығу ережелері, сондай-ақ сотталғандарды еңбек нысандарына шығару мәселелері қаралды.

Жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше мән берілді. Олар өндірістік аймақтағы ғимараттарды жалға алып, сотталғандарды жұмысқа тарту арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдеседі. Сонымен қатар бұл ынтымақтастық сотталғандарды жазасын өтеу барысында тұрақты жұмыспен қамтуға да септігін тигізеді. Жеке кәсіпкерлерге сотталғандарға өз компанияларының логотиптері бар жилеттерді сатып алып, жұмысқа тарту ұсынылды. Бұл қадам еңбек нысандарындағы тәртіпті күшейтіп, жұмысшыларды оңай анықтауға мүмкіндік береді.

Кеңес нәтижелі әрі сындарлы түрде өтті. Қатысушылар көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, сотталғандардың еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеуді жалғастыруға уағдаласты.

Жауап қалдыру