Павлодарда ЖҚАЖ жауынгерлері кадет сыныптарының тәрбиеленушілерімен кездесті
Республика күніне орай, Павлодар облысында ЖҚАЖ жауынгерлері Фарид Какабаев және Ахметқалы Тезекбаев атындағы кадет сыныптарының тәрбиеленушілерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында полицейлер кадеттерге атыс қаруын, автоматтан бастап мергендік мылтыққа дейін, көрсетті. Жауынгерлердің қоян-қолтық күрес жүргізу дағдыларын демонстрациясы балалардың ерекше назарын аударды. Олар күрес қимылдарын, соққылардан қалай құтылуға болатынын және полиция қызметкерлеріне шартты қылмыскерлердің күтпеген шабуылына қалай төтеп беруге болатынын көрсетті.
Бұл шеберлік сабақтары, үйлесімді командалық жұмыс және қозғалыстар балаларда қуаныш пен эмоциялардың теңізін тудырды. ЖҚАЖ жеке құрамының физикалық және атыс дайындығы жоғары деңгейде, бұл бөлімнің талаптарының да жоғары екендігін көрсетеді.
Кездесу барысында қатысушылар Зевс есімді қызметтік иттің әрекеттеріне де тәнті болды. Ит бірден шартты қылмыскерді ұстап, оның шеберлігін тамашалатқанда, балалардың реакциясы эмоцияларға толы болды.
Айта кету керек, бұл ЖҚАЖ жауынгерлерінің жас ұрпақпен алғашқы кездесуі емес. Балалар полицейлерге өзінің жағымды әсерлері үшін алғыс айтып, келесі кездесуді асыға күтетіндерін білдірді. Жауынгерлер болашақта бұл кадеттердің ЖҚАЖ қатарын толықтыратынына сенімді.