Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында білім беру мекемелерінің жанындағы жол инфрақұрылымына тексеру жүргізілді

Абай облысында білім беру мекемелерінің жанындағы жол инфрақұрылымына тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында 502 білім беру мекемесі бар, оның ішінде 309 мектеп, 24 қосымша білім беру ұйымы, 127 мектепке дейінгі ұйым және 33 колледж жұмыс істейді. 2024 жылғы 21-27 қазан аралығында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері білім беру мекемелерінің жанындағы жол инфрақұрылымының жай-күйіне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде көше-жол желісінде орналасқан 331 білім беру мекемесінің 120-сының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті жол инфрақұрылымымен жабдықталмағаны анықталды.

Білім беру мекемелерінің жанындағы жол инфрақұрылымын жақсарту және балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жоспарға сәйкес іс-шаралардың уақытылы орындалуы қажеттігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Басшыларға білім беру нысандарының жанындағы жол қауіпсіздігін арттыру үшін бақылауды күшейту және тиісті шараларды қабылдау ұсынылды.

Абай облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы білім беру мекемелерінің жанындағы жол инфрақұрылымының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және бақылауды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру