Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда студент есірткі сатты деген күдікке ілінді

Петропавлда студент есірткі сатты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер өткен жылдан бостандығы шектелген Петропавл қаласының 18 жастағы студентін ұстады. Одан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді.

Полицейлер күдіктіні Интернационал көшесінде ұстаған кезде, 1 грамм ұнтақ тәрізді зат тәркіленді. Жас жігіттің тұрғылықты жерінен тағы 40-тан астам зат, электронды таразы, темекі шегуге арналған құрал табылып тәркіленді.

Петропавл қаласы сот сараптамасы институтының жанындағы жаңа зертханада жүргізілген сараптама бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы 46 грамм мефедрон синтетикалық есірткі екені атап көрсетілді.

– Қолда бар ақпаратқа сәйкес, күдікті 6 қазанда есірткі тарату бойынша интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істей бастаған, алайда 8 күннен кейін ұсталғандықтан “табыс” тауып үлгермеген, – деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру