Қызылорда облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеевтің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифинг барысында спикер өңірде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Брифинг барысында өңірдің тәртіп сақшыларымен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған нәтижелі шаралар туралы кеңінен айтылды.
Осы жылдың 9 айындағы профилактикалық жұмыстар нәтижесінде құқық бұзушылықтар 6 пайызға төмендесе, бөтен мүлікті ұрлау – 27,7%, мал ұрлығы – 68%, алаяқтық – 1%, бұзақылық қылмыстарының тіркелуі – 9,9%, қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 9,8%, көшеде жасалған қылмыс – 4,1%, жасөспірімдердің қатысуымен – 14,3% және қарумен жасалған қылмыс саны 41,7 пайызға азайды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Жыл басынан жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болған адамдардың саны 15,6 пайызға төмендегенімен, жол апаттары 39,1 пайызға, одан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскен.
Талдау барысында жол-көлік оқиғаларының өсуінің басты себебінің бірі – жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп сақтамауынан болып отыр. Жол апатының өсуінің тағы бір себебі Қызылорда – Ақтөбе (566 км) бағытында тәулігіне 9 мың автокөлік жүріп өтетін республикалық маңызы бар тасжолы 2-категориялы болса, соңғы бес жылда тіркелген көлік құралдарының санының өсуі де болып отыр.
Жол апатының алдын алу бағытында республикалық маңызы бар тасжолдың қауіпті аймақтарына түннің қараңғы уақытында жүргізушілердің назарын аудару мақсатында алты жарқылдауық маяк, 9 жерге «Әкетай асықпа», «Құрметті жүргізуші! Жылдамдықты шамадан тыс асырма» мәтінінде пано, 7 жерге бейнекамералардың және 10 қызметтік автокөлік макеттерінің муляжы орнатылса, 7 аудан тұсына екі жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін өлшегіш құралын орнату жоспарлануда. Есепті мерзімде жол ережелерін бұзудың 163795 дерегі анықталса, оның 72 мыңға жуығы жол-апатына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылық. Жол қауіпсіздігі саласында 1 млрд 870 млн 982 мың теңге айыппұл салынып, 87 пайызы өндірілді.
Бүгінгі күні республикалық маңызы бар тасжолында үй жануарларының қатысуымен 99 жол – көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі адам қаза болып, 14 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Полиция департаментінің штаты бойынша облыс көлемінде 262 учаскелік инспектор мен олардың 56 көмекшісі бар. Олармен қоғамдық тәртіп пен қылмыстардың алдын алу бағытында «Есептегі адам», «Тұрмыс», «Квадрат», «Көрші бақылауы», «Учаске», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Пробация», «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Аула ішінде қабылдау» акциясы өткізіліп келеді.
Нәтижесінде «мүлдем төзбеушілік қағидатын» қалыптастыру мақсатында азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін есепті мерзімде барлығы 27 294 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар көрілді.
Оның ішінде ұсақ бұзақылық – 715, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 5700, тыныштық бұзу – 3312, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау – 3177, белгіленген уақыттан кейін алкоголь өнімдерін сатудың 114 дерегі анықталды.
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 14,3 пайызға төмендеген. Алдын алу бағытында тұрақты түрде «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық шаралары және «Абайлаңыз балалар» акциялары өткізілсе, күнделікті «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтері жүргізілуде және бүгіннен бастап 2 қарашаға дейін «Демалыс» профилактикалық іс – шарасы басталды.
Профилактикалық шараларды күшейту нәтижесінде 8212 құқық бұзушылық анықталып, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 249 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Түнгі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) заңды өкілінсіз ойын-сауық және тұрғын жайдан тыс (сағат 23:00-ден кейін) жүрген 5996 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Міндеттерін орындамаған 555 ата-анаға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 149 кәсіпкер, оларға темекі бұйымдарын сатқан 14 дүкен иелеріне әкімшілік хаттамалар ресімделді.
187 жасөспірім және 119 міндеттерін орындамаған ата-ана полицияның есебіне алынды. Есепті мерзімде 72 жасөспірімнің мопед, скутер басқарғандары анықталып, олардың ата-аналарына қатысты ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар ресімделген.
Бұл бағытта білім басқармасымен бірлесіп, барлық білім беру орталығында «Қозғалыстың жас инспекторлары» жасағын құрып, (45 мектепте 10 оқушы құралған), олармен оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.