«Егемен ел патриоты» атанған полицейлер марапатталды
«Егемен ел патриоты» атанған полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бағдарламасы аясында «Егемен ел патриоты» байқауы өтті.
Басты мақсат – адами құндылықтарды насихаттап, елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау.
Аталған байқауға Ішкі істер органдарының қызметкерлері де белсенді қатысты. Нәтижесінде тоғыз полицей марапатқа ие болды. Олардың қатарында:
- Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб ауданы ПБ тәрбие және кадр жөніндегі бөлімінің бастығы Ғабит Бутакулов;
- Алматы қаласы полиция департаменті Медеу ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Асхат Рысбеков;
- Шымкент қаласы полиция департаменті Тұран ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Арман Әріпжанов;
- Қызылорда облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жөніндегі басқармасының инспектор-психологы Сандуғаш Мырзахметова;
- Қызылорда облысы полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ильяс Райханов;
- Қызылорда облысы полиция департаменті Жалағаш ауданы ПБ анықтау тобының аға анықтаушысы Абай Бақберген;
- Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Нұрсұлтан Қартбаев;
- БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Жасқайрат Беркінов;
- Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Мәди Жүсіпбеков бар.
Сайысқа еліміздің бүкіл аймағынан түрлі саланың хас шебері атанған мыңға жуық маман қатысып, бақ сынады. Бұл ретте полицейлердің еңбегі мен ерлігі жоғары бағаланды.