Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көрші өңірден келген жасөспірімдер есірткімен ұсталды

Павлодар қаласында көрші өңірдің екі жасөспірімі есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғындарын анықтады. Тексеру барысында олардың біреуінің үстінен ақ түсті ұнтақ салынған 20 полимерлі пакет тәркіленді.

Жастардың уақытша тұрған мекен-жайын тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары, оларды орауға арналған полимерлі пакеттер, электр таспасы және басқа да құрылғылар табылды. Анықталғандай, олар Павлодар қаласында есірткі мен психотроптық заттарды жанасусыз тарату мақсатында пәтерді жалға алған.

– Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция департаменті осындай қылмыс жасағандар үшін Қазақстан заңнамасында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру