Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полиция қоғамдық орындарды ластаған азаматтарды анықтап жатыр

Қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидаты негізінде Ақтөбе облысының аумағында тәртіп сақшылар қоғамдық орындарды ластаушыларды анықтау мен жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыс аумағында ортақ пайдаланатын орындарды ластаушыларға қатысты 5 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл ретте, азаматтардың қоғамдық орындарды ластау деректерінің басым көпшілігін полицейлер жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Бұзушылықтардың көпшілігі қоғамдық орындарды темекі қалдықтарымен ластау болып отыр.

Қолданыстағы заңнамада қоғамдық орындарды ластаушыларға 10 АЕК-ден 20 АЕК-ге дейінгі айыппұл салу түріндегі жаза көзделген.

Полицияның бейнебақылау инспекторлары осындай ұсақ бұзушылықтарды анықтаса, дереу оқиға орнына патрульдік жасақтарды жолдайды. Жақын маңдағы полиция жасақтары бұзушылық жасағандарға қатысты әкімшілік хаттама рәсімдеп, жазаға тартады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру