Солтүстік Қазақстанда сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырылды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен кәсіпкерлер палатасы ведомствоға қарасты мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың дайындаған өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көрме шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін тарту және өзара іс-қимыл шеңберінде кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.
Қазіргі уақытта облыстың бес мекемесінде 13 ЖК және 4 ЖШС жұмыс істейді. Барлығы 620 сотталған адам жұмысқа орналасқан.
Сотталғандар майлы дақылдардан алынған май мен күнжара, ат әбзелдерінен, метал, ағаш және монша бұйымдарын, жұмсақ ойыншықтарды, голицалар мен жаңбыр жамылғыларын дайындаумен, жұмсақ жиһаз жинаумен, ағаш материалдарын өндірумен, макулатураны қайта сұрыптаумен айналысады, сондай-ақ мекемелерде әртүрлі бағыттағы тігін өндірісі және жылыжайлар бар.
Наталья Данилова – ең белсенді кәсіпкерлердің бірі. Ол 9 жылдан бері №50 мекеме әкімшілігімен тығыз байланыста. Жеке кәсіпкер жұмсақ ойыншықтарды тігуге айналысады. Өндірілетін тауар бүкіл Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД елдеріне де жөнелтіледі.
Тігін ісін оқыту мекеме аумағында Солтүстік Қазақстан кәсіптік колледжінің мамандарымен жүргізіледі, курс аяқталғаннан кейін сотталғандар мемлекеттік үлгідегі сертификат алады. Барлық ұсынылған бұйым ішінде №48 мекеменің сотталғандары дайындайтын ат амунициясы ерекше көзге түседі. Олар мекеме аумағында 4 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Осипов” ЖК-да қызмет атқаруда.
– Жұмысқа кіріспес бұрын біз сотталғандарды тауар өндіру технологиясының барлық негізіне алдын ала үйретеміз. Бұл үлкен еңбекті қажет ететін қол жұмысы, – деді “Осипов” ЖК шебері Болат Қуанышбаев.
Ал №51 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар нарды, астау және кемелер дайындайды.
– Сотталғандарды жұмысқа орналастыру арқылы түзету – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі бағыттарының бірі. Сотталғандардың алатын жалақысының бір бөлігі талап қою берешегін өтеу үшін ұсталады. Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі департаменті облыс кәсіпкерлерімен ынтымақтастық үшін ашық екенін атап өткім келеді, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Татьяна Тулегенова.