Қостанайда ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғынға жоғалған телефонын тауып берді
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қырағылық танытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Райан Әбдікәрімов бастаған патрульдік топ өзінің серіктесі қатардағы жауынгер Жанбот Нұржанмен бірге қала көшелерінде тыныштықты қамтамасыз етіп жүрген еді.
– Жан-жақты барлау барысында қарда жатқан телефонды көріп қалдық. Бұл туралы бірден кезекшіге баяндап, смартфон иесін іздей бастадық. Біраз уақыттан кейін телефон иесі басқа нөмірден қоңырау шалды, – дейді Рауан Әбдікәрімов.
20 минуттан кейін телефон иесі ұландықтармен жүздесіп, телефонын алып, қызметтеріне адал сарбаздарға алғыс білдірді.