Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер бір күнде 7 интернет-алаяқтықтың бетін ашты

СҚО-да полицейлер бір күнде 7 интернет-алаяқтықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру барлық салада, оның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдалануда қауіпсіздікті нығайтуды талап етеді.

СҚО аумағында интернет-алаяқтықпен күреске бағытталған “Аnti fraud” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. ЖПІШ бірінші күнінде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Петропавлдың ірі базарларының бірінде жадынамалар тарату бойынша акция өткізді.

Қалалық әкімдіктің жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге тәртіп сақшылары адамдарға алдаудың кең таралған тәсілдері туралы айтып берді. 10 айда СҚО-да 606 интернет-алаяқтық жасалды. Оның 289-ы “банктен қоңырау шалу” схемасы бойынша тіркелген.

Бұдан басқа, ЖПІШ шеңберінде веб-кеңістіктің мониторингі күшейтілді. КПБ жедел қызметкерлері танымал хабарландыру сайттарын, әлеуметтік желілердегі жұртшылықты тексереді. ЖПІШ бір күнінде заңсыз мазмұны бар сайттарға 10 сілтеме, негізінен жалған хабарландырулар анықталды.

– Бұл сілтемелер бұғаттау үшін “Кибербақылау” жүйесіне жіберілді. Сондай-ақ өткізілген іс-шаралар барысында 6 интернет-алаяқтық, оның ішінде бұрын жасалған 4 алаяқтық және облыс тұрғыны тауарларды басқа біреудің банк картасымен төледі деп күдіктенген интернет-ұрлықтың бір фактісі анықталды, – деп түсіндіреді СҚО ПД КПБ бастығы Иван Терзиди.

Интернет арқылы тауарларды сатып алу кезінде алдау әле тоқтаған жоқ. Көбінесе жалған жарнамалар Instagram-да (85 факті) және OLХ-те (70 факті) пайда болады. Полицейлер қырағылық танытуға шақырады. Егер сіз сатушының адалдығына сенімді болмасаңыз, тауарлардың ақысын төлемеңіз, “банктен түсетін қоңырауларға” сенбеңіз, өзге адамдардың қысымымен бейтаныс қосымшаларды орнатпаңыз. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру