Елордада ұрлық жасаған азамат құрықталды
Елордада ұрлық жасаған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл аудандық ПБ-ның қызметкерлері қоғамдық көлік аялдамаларының біріндегі сауда дүңгіршегінде болған ұрлыққа қатысы бар 33 жастағы ер адамды анықтады.
Белгілі болғандай, ер адамның дүңгіршекке сатып алушы ретінде кіріп, сатушының алаңдаған сәтін пайдаланып, қаражатында жалпы сомасы 64 мың теңгені құрайтын 20 SIM-картаны ұрлап кеткен. Осыдан кейін ол мобильді қосымша арқылы ақшаны қолма-қол есепшотқа аударған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласының полиция департаменті сауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне ұрлықтың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Кассаны немесе тауарларды, әсіресе тұтынушылардың белсенділігі жоғары кезеңдерінде қараусыз қалдырмаңыз.