Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған мас жолаушы рейстен түсірілді

Ақтөбе әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған мас жолаушы рейстен түсірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінің 38 жастағы жолаушысын анықтап, ұстады. Ол ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан және ескертулерге құлақ аспаған.

Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР әкімшілік кодекс бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру