Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция түнгі қарақшыларды ұстады

Алматыда полиция түнгі қарақшыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Алмалы ауданында полицейлер өтіп бара жатқан адамдарды тонап жүрген екі жігітті ұстады.

Қараңғы түнде күдіктілер жалғыз өтіп бара жатқандардың ізіне түсіп, оларды физикалық күш көрсетумен қорқытып, дүние-мүлкін тартып алған: көбінесе телефондар мен гаджеттер.

– Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар – басқа жақтан келгендер. Тергеудің қазіргі кезеңінде олардың екі қарақшылық шабуылға және үш бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру