Елордалық сауда орындарында ұрлық жасаған шетелдік азаматтар ұсталды
Елордалық сауда орындарында ұрлық жасаған шетелдік азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері елордада бірқатар ұрлық жасаған шетелдік азаматтарды ұстады.
Бірінші оқиға тұрмыстық тауарлар дүкенінде болған, онда 29 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйел сатып алушы болып көрініп, сатушылар алаңдағанша күтіп, кейін тауарды қалталарына тығып алған. Осылайша, олар 80 мың теңгеге жуық тауар ұрлаған.
Екінші дерек сауда үйінің аяқ киім дүкенінде тіркелді, онда күдіктілер дәл осындай жолмен сегіз жұпқа жуық аяқ киімді ұрлап кеткен. Өздеріне ұнаған өнімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен кедергісіз шығып кеткен. Материалдық шығын 900 мың теңгені құрайды.
Күдіктілердің әрекеті камераларға түсіп қалған. Ұрлық жасағаннан кейін олар ұрланған заттарды өтіп бара жатқан адамдарға сатып жіберген. Қазіргі уақытта күдіктілер Астана қ. ПД уақытша қамауда ұстау изоляторына орналастырылды.
Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.