Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хабар-ошарсыз кеткен екі ақмолалықтың орналасқан жері анықталды

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның орналасқан жері анықталды, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қарашада Есіл ауданының полиция бөлімінен ер адам көмек сұрады. Ол полиция қызметкерлеріне өзімен бірге тұратын әйелі хабарсыз кеткенін айтып, іздеуге жәрдемдесуді өтінген.

Әйел 6 қарашада үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Сондай-ақ 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. 8 қарашада ол өзінің пәтерінен сыртқа шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен.

Осы күндері облыста өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жоғалған адамдардың екеуінің де орналасқан жерін анықтады.

Ақмола облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын өздерінің жоспарлары туралы әрқашан туыстары мен жақындарына хабарлап отыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру