Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Маңғыстау облысында есептегі 113 сотталған қамауға алынды

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі қоғамға бейімделу мен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмысты белсенді түрде жүргізіп келеді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда пробация есебінде 900-ден астам сотталған бар, олардың әрқайсысы ерекше бақылауда.

Жыл басынан бері жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған сотталғандарға бірнеше ескерту жасалып, олардың іс-әрекеттері мұқият тексерілді. Сол бойынша пробация қызметі сотқа 167 ұсыныс жолдап, 113 сотталған сот қаулысымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне қайта жіберілді.

Инспекторлар тек тәртіпті күшейтіп қана қоймай, сотталғандармен тығыз байланыс орнату арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мақсат — олардың заңға бағынушылық көзқарасын қалыптастырып, қоғамға қайта бейімделуіне көмектесу.

– Біздің міндетіміз — жазаны өтеу шарттарын сақтауды қамтамасыз ету, әрбір сотталғанға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру, — дейді қызметкерлер.

Пробация қызметі алдағы уақытта да қоғам мен сотталғандар арасындағы сенімді нығайтып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыра береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру