Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция аккумулятор ұрлаудың 10 фактісіне қатысы бар күдіктілерді құрықтады

Түркістан облысында полиция аккумулятор ұрлаудың 10 фактісіне қатысы бар күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында байланыс операторларының станцияларынан аккумулятор ұрлады деген күдікке ілінген адамдар тобын анықтады. 

Жедел уәкілдер үш күдіктіні, яғни Түркістан облысының тұрғындарын ұстады. Ұрланған затты сатып алушылар да анықталды. 

Аталмыш жас жігіттердің аккумулятор ұрлаудың 10 фактісіне қатысы бар болып шықты. Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеден асады. 

Мәселен, күдіктілер Қазығұрт ауданындағы оператор станциясының трансформаторынан 8 аккумуляторды ұрлап әкетіп, бөтеннің мүлкін сатып жіберген. 

Тәртіп сақшылары тінту кезінде айғақты зат ретінде 30-ға жуық аккумуляторды тәркіледі. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру