Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрақ ережелерін бұзған павлодарлық жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды

Тұрақ ережелерін бұзған павлодарлық жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік қою ережелерін сақтау – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты шарттардың бірі. Алайда, кей жүргізушілердің көліктерін белгіленбеген жерлерге қоюы өзге қатысушыларға кедергі келтіріп, қауіпті жағдайларға әкеп соғуда.

Тротуарлар мен ойын алаңдарына, сондай-ақ жолдың жүріс бөлігіне қойылған көліктер жедел жәрдем, өрт сөндіру және коммуналдық қызметтер сияқты маңызды қызметтердің жұмысын қиындатуы мүмкін.

Мысалы Қайырбаев көшесі 96 мекенжайындағы үй ауласында кіреберістің алдында тұрған Honda автокөлігі коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтірсе, Шоқин көшесі 38 мекенжайында Mercedes көлігі жүріс бөлігін жауып тастаған. Ал Астана көшесі 119 үйдің ауласында Jacques пен Toyota көліктері жолды толығымен бөгеген.

— Тұрақ ережелерін бұзған барлық жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Биыл осындай құқық бұзушылықтар үшін 2181 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, — деп мәлімдеді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушілер көлік қоятын орындарда арнайы жол белгілері мен белгіленген тұрақ аймақтарының шекараларына назар аударуы қажет. Әсіресе мүгедектерге арналған орындарды мақсатсыз пайдалану заңсыз екенін ескерген жөн.

Талаптарды сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатынын Павлодар полициясы еске салды. Әрбір жүргізуші жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етуде жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру