ІІМ: Оралда есірткі сатушылардың әрекетіне тосқауыл қойылды
– Орал қаласында интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды.
Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды.
Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.