Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

Жетісуда танысының сенімін пайдаланып, пәтер тонаған күдікті қолға түсті

Жетісуда танысының сенімін пайдаланып, пәтер тонаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғандағы танысының үйін тонап, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оқиға жазғы уақытта жәбірленуші Алматыға туыстарына қонаққа кеткен кезде орын алған.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің күйеу баласы қонаққа келген әйелінің сіңлісі пәтер иесінің сыртқа шыққан сәтін пайдаланып, кілттің көшірмесін жасатқан. Ұрлық жасауға қолайлы уақытты күтіп, күдікті Талдықорғанға арнайы барып, үйдің бос тұрғанына көз жеткізген соң, пәтерге кірген. Ол үйден «Cartier» маркалы алтын әшекейлер мен құнды күзен қалпағын қолды еткен.

Алайда бұл қылмыскердің алғашқы әрекеті ғана болып шықты. Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, жәбірленушіге 810 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Алайда, материалдық қиындықтарын толық шеше алмаған күдікті тағы да танысының пәтеріне қайтып оралған. Бұл жолы оның қолына алтын сақиналар мен сырғалар түскен.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны ұстады. Күдікті өз әрекетін материалдық қиындықтарға байланысты жасағанын мойындады. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Құрметті өңір тұрғындары мен қонақтары! Қиын жағдайлар өмірде әркімнің басынан өтеді. Алайда, заңсыз жолмен мәселе шешуге тырысу адамды одан да терең шыңырауға алып барады. Жеңіл табыс – ауыр зардаптарға әкелетінін естен шығармаңыз. Өмірде жетістікке жетудің жалғыз жолы – адал еңбек.

Сонымен қатар өз мүлкіңізге мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды естен шығармаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру