Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке шақыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі өтті

Семейде қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке шақыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері белсене қатысты. Іс-шараны қалалық Мансап орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 124 жұмыс беруші қатысып, жалпы 721 бос жұмыс орнын ұсынды.

№21 мекеме қызметкерлері жәрмеңкеге келген тұрғындарға қылмыстық-атқару жүйесінде қызметке орналасу тәртібі, әлеуметтік кепілдіктер, жалақы деңгейі, сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берді. Құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылық танытқандар үшін кадр бөлімінің мамандары қосымша кеңес беріп, өтініш білдірушілерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызмет бағыттары мен бос жұмыс орындарымен таныстырды.

№21 мекеме азаматтарды, соның ішінде Шуақ кентінде орналасқан №23 мекемеге, қызметке шақырады. Қызметке үміткерлердің жеке және іскерлік қасиеттері, дене дайындығы және денсаулық жағдайы құқық қорғау органы қызметкерінің міндеттерін орындауға сай болуы қажет.

Қызметке орналасу тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Семей қаласы, Заводской көшесі, 10 мекенжайы бойынша немесе 8 (7222) 32-40-69 телефонына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру