Жетісу облысында үйде ересектердің жоқтығын пайдаланып ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Жетісу облысында үйде ересектердің жоқтығын пайдаланып ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 желтоқсанда Текелі қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан 6 миллион теңгеге жуық көлемдегі алтын бұйымдарын ұрлау бойынша арыз түскен.
Оқиға түскі уақытта үйде тек оның кәмелетке толмаған 7 және 4 жасар балалары бар кезде болған. Ата-анасы болмаған кезде белгісіз ер адам үйге келіп, оған 7 жасар қыз есікті ашқан. Күдікті ересектердің жоқтығына көз жеткізіп, үйде алтын зергерлік бұйымдар бар ма деп сұраған, қорыққан қыз бала, жатын бөлмесінен алтын бұйымдары бар қорапты алып берген, содан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Арыз түскен сәттен бастап полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын дереу бастады. Нәтижесінде 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның жеке басы жедел қызметкерлердің үйлесімді жұмысының арқасында анықталды. Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Полиция азаматтарға балаларға қауіпсіздік ережелерін, соның ішінде бейтаныс адамдарға есік ашуға болмайтынын түсіндіруді ескертеді. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бейнебақылау немесе домофон секілді қосымша қорғаныс шараларын қолдану ұсынылады.