Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар арасында футболдан жарыс өтті

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандар арасында футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде пробация есебіндегі сотталғандар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – спорт арқылы жастарды тәрбиелеу, қоғамға бейімдеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тартысты өткен жарысқа 14 пен 24 жас аралығындағы есепте тұрған азаматтар қатысты. Жарыс барысында командалар өзара ұйымшылдықты, шеберлік пен ерік-жігерді танытып, жеңіске жету үшін аянып қалмады. Айта кетерлігі, жарысқа колледж студенті, пробация есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім де қатысты. Ол өзінің спорттық қабілетімен ғана емес, тәртіпті мінезімен де ерекшеленіп, жарыс нәтижесінде өзі білім алып жүрген колледж тарапынан алғыс хатқа ие болды. Бұл марапат оның болашаққа деген сенімі мен қоғамға үлес қосу ынтасын арттырады.

– Аңғалдықпен, білместікпен қылмыс жасадым. Әрине, өкінішім бар. Біз сияқты шалыс басқан азаматтарға пробация қызметі құқықтық,әлеуметтік көмектер көрсетуде. Спорттық шаралардан қалмауға тырысамын. Тәртібім, оқуым да жақсарып келеді. Болашақта жақсы маман болғым келеді. Колледж тарапынан алғыс хатпен марапатталдым. Бұл да үлкен жетістік деп есептеймін. Бүгінгі футбол жарысын ұйымдастырған ұйымдастырушыларға, пробация қызметіне алғысым шексіз, – деді есептегі жасөспірім.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру