Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қылмыс деңгейі төмендеді

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде ведомствоның 2024 жылғы жұмысына талдау жасалды. Жедел кеңес ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың қатысуымен өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл қорытындысы бойынша қылмысты жалпы тіркеу 7% төмендеп, 3343 фактіні құрады. Сондай-ақ 2023 жылғы 63%-бен салыстырғанда жалпы қылмысты ашу деңгейі 65,5%-ға дейін жақсарды. Адам өлтіру, қарақшылық және тонау саны айтарлықтай (30%-дан 40%-ға дейін) азайды. Интернет-алаяқтықтың 1,7% төмендеуіне қол жеткізілді.

Барлық мәселелер бойынша профилактикалық шаралар қабылдануда. Мәселен, денсаулыққа ауыр зиян келтіруге жүргізілген талдау (73-тен 87 фактіге дейін) бұл қылмыстарды негізінен есепте тұрған тұлғалар мен мас күйдегі адамдар жасайтынын көрсетеді. Осыған байланысты полицейлер есепте тұрған тұлғалар арасындағы жұмысты жандандырып, құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Бұдан бөлек, қабылданып жатқан шаралардың қатарында бейнебақылау камераларының, оның ішінде көппәтерлі үйлердің аулаларындағы камералардың санын көбейту де бар. Мысалы, 2025 жылы облыс бойынша 700 жаңа камера орнату жоспарланған.

Есірткінің таралуына қарсы күрес өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Өткен жылы СҚО полицейлері 770 келіден астам түрлі есірткіні, оның ішінде 8 келі синтетикалық есірткіні (бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 келіге артық) заңсыз айналымнан алып, 1 есірткі зертханасын жойды, Көкшетау, Астана және Алматы қалаларынан синтетикалық есірткіні жеткізудің 8 арнасының жолын кесті.

Сонымен қатар кеңесте қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос лауазымдарды толықтыру және қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау мәселелері қаралды.

Бауыржан Әленов СҚО бойынша жедел жағдай тұрақты екенін атап өтіп, облыстық полицияның қызметтеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Кейін ол ішкі істер органдарының ардагерлерімен жеке кездесіп, оларға тәлімгерлік еңбегі үшін алғыс айтты, жас полиция қызметкерлері үшін баға жетпес тәжірибелерімен бөлісе тырып, жаңа буынның кәсіби қалыптасуына белсенді көмектесу қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру