Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Ақтау және Алматы қалаларында есірткіні сату арналары жойылды

Қаңтарда Маңғыстау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жедел ақпаратты тексеру барысында есірткі құралдарын сату арналарын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені нәтижесінде он килограмға дейінгі марихуананы Ақтау қаласыда сатудың кезеңдік сызбасы құжаттандырылды.

Іздеу іс-шаралары қаланың әртүрлі жерлерінде, пәтерлерде және адам тұрмайтын үй-жайларда жүргізілді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 200 кг астам болды.

Көрсетілген қаланың төрт тұрғыны және еліміздің оңтүстік өңірінің бір тұрғыны қамауға алынды.

– Осындай әдіспен Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері де жедел әзірлеме жүргізді. Нәтижесінде оңтүстік астананың тұрғыны ұсталып, оның тұрғылықты жері бойынша аса ірі көлемде мефедрон және марихуана тәркіленді, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында Алматы облысында есірткі зертханасы қызметінің жолы кесілді. Онда синтетикалық есірткі өндірісінде пайдаланылатын 600 литрден және 100 кг астам әртүрлі прекурсорлар тәркіленді.

Осылайша 100 кг астам синтетикалық есірткіні дайындауға және сатуға жол берілген жоқ.

– Жедел іс-шаралар жалғасуда, аталған фактілерге қатысы бар басқа да адамдар анықталуда. Осы бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, – деді Қуандық Алпыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру