Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД өткен жылды қорытындылады

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2024 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жиын өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл қорытындысына арналған жиынға департаменттің жеке құрамы, ведомствоға бағынысты мекемелердің және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.

ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Абай Қайырбеков сөз сөйлеп, жеке құрамды Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында қаралған мәселелермен таныстырды.

ҚАЖД бастығы Е.Ұзақов өз сөзінде жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2025 жылы іске асырылуы тиіс міндеттерді де тілге тиек етті. Жиын барысында жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіптің сақталуын бақылауды күшейту, кадр саясатын жетілдіру және жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты жандандыру туралы мәселелер талқыланды. 

Сондай-ақ департамент бастығының орынбасарлары мен мекеме бастықтары аталған уақыт ішінде атқарылған жұмыс туралы есеп берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру