Шымкентте полицейлер нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізді
Шымкентте полицейлер нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы бағытта елеулі жұмыстар атқаруда. Соның ішінде оның алдын алу бағытына ерекше көңіл бөліп, халықты, әсіресе жастарды одан аулақ болуға шақыру үшін кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.
Бекітілген бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл бірлігі негізінде 2024 жылы 754 әр түрлі алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Оқу жылы барысында қаламыздағы барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен арнайы кездесулер өткізіп, жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер өткізілуде. Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу – баршамызға ортақ іс. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Сол себепті, барша қала тұрғындарын оның алдын алу мен жолын кесуге ат салысуға шақырамыз.