Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны полицейге алғысын білдірді

Павлодар облысының тұрғыны полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Кішкентай балалар енді қауіпсіз» дәл осындай сөздермен қала тұрғынынан полиция қызметкеріне алғыс хат келіп түсті.

– Мен полиция қызметкерінен көмек сұрадым, өйткені менің туысым ішімдік ішіп, кішкентай балаларының қасында өзін дұрыс ұстамады. Менің өтінішім бойынша полиция инспекторы Назгүл Баядилова жұмыс істеді, ол үлкен жұмыс жасады. Қазір балалар қауіпсіз, мен бұл жағдайға өте қуаныштымын. Мен тыныш ұйықтай аламын және сәбилерге алаңдамаймын. Инспекторға біздің мәселемізге немқұрайлы қарамағаны, уақытылы шешім қабылдағаны және барлық шараларды қабылдағаны үшін алғыс айтамын. Назгүл ақылды, барлық уақытта бізбен байланыста болды. Қазір кішкентай балалар қауіпсіз және жылы жерде. Оған үлкен рақмет, – деп жазады Наталья Прасолова.

Алғыс хат келгенде, біз қызметкерден бұл жағдай туралы сұрадық. Оның телефонына белгісіз нөмірден қоңырау түскені белгілі болды. Әйел өзін таныстырды және өзінің алыс туысы алкоголь ішіп, балаларды бақыламайтынын айтты.

– Натальямен сөйлескен кезде туысқанының екі баласы бар екенін білдім бірі 3 жаста және екіншісі 10 ай. Хабарламаны алғаннан кейін мен ақпаратты дереу учаскелік инспекторға жібердім, өйткені мәселе жас балаларға қатысты болды. Дереу әрекет ету керек болды. Тексеру кезінде балалар үйде жалғыз болды, есік жабулы. Бұл ақпаратты дереу қорғаншылық органдарына хабарлады. Келген комиссия балаларды алып, дереу қалалық ауруханаға жатқызды. Учаскелік полицей анасын іздей бастады, оны тек кешке танысынан тапты. Сол күні ол ішімдік ішіп, балаларын үйде жалғыз қалдырып, қонаққа кеткені анықталды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласының полиция инспекторы Назгүл Баядилова.

Ананың тәртібі Ақсу қаласының кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қаралды, оның шешімі бойынша анасы ата-ана құқықтарынан 6 ай мерзімге шектелді. Осы уақыт ішінде балалар мемлекеттік мекемеде болады. Ал ата-анасы түзету жолына түсіп, алкогольді және басқа да тыйым салынған құралдарды қолданудан бас тартуы керек, үйде балалардың жақсы жағдайда өмір сүруіне барлық жағдай жасауы керек.

–  Балалардың құқықтарын қорғау – әрбір полиция қызметкерінің басым міндеті. «Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру