Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында тергеушілерге арналған семинар-кеңес өтті

Абай облысында киберқылмысты тергеумен айналысатын тергеушілерге арналған семинар-кеңес өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберқылмыспен күресті күшейту және осы саладағы бөлімшелердің жұмысын жетілдіру мақсатында киберқылмыстарды тергеуге маманданған тергеушілерге арналған семинар-кеңес өтті. Оған екінші деңгейлі банктердің өкілдері мен IT-мамандар қатысты.

Өткен кезеңде «Кибербақылау» жүйесі арқылы азаматтар мен ұйымдардың қауіпсіздігіне қатер төндірген 400-ден астам заңсыз интернет-ресурстарды бұғаттау шаралары қабылданды.

Бүгінгі таңда киберқылмыстарды тергеу бөлімшелерінің толықтай жасақталуы аяқталды. Олардың құрамына тәжірибесі мол және цифрлық дағдылары жоғары кәсіби тергеушілер кірді. Бұл қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жедел және тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөлінуде. Alikhan Bokeikhan University университетімен бірлесіп, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған тәжірибелік сабақтар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Университеттің қолдауымен заманауи техникалық құралдармен жабдықталған мақсатты жұмыс тобына арналған жұмыс орындары құрылды.

https://youtube.com/shorts/QwaY7Fguo7M?feature=share

Сонымен қатар білім беру аясында Alikhan Bokeikhan University-нің IT факультеті екінші жыл қатарынан табысты жұмыс істеп келеді. Факультет құқық қорғау органдарының талаптары мен міндеттеріне сәйкес мамандарды даярлайды.

Семинар-кеңес киберқылмыстарды тергеу бойынша тәжірибе алмасу және жаңа тәсілдерді талқылау үшін маңызды алаң болды. Бірлескен күш-жігердің арқасында киберкеңістікте азаматтарды қорғау қамтамасыз етіліп, құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігі арттырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру