Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ПБ бастығы барлық білім беру ұйымының қызметкерлерімен кездесті

Қызылордада ПБ бастығы қала аумағында орналасқан барлық орта және арнаулы орта білім беру ұйымының ұжымдарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта елімізде алаяқтық, оның ішінде интернет-алаяқтық қылмысы артып барады. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында интернет-алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар атқарылу керектігін көрсетті.

Алаяқтар ғаламтор арқылы әлеуметтік желілерді, жалған сайттарды және сілтемелерді ұтымды пайдалана отырып, халықтың қаражатын заңсыз иемденіп отыр. Алаяқтардың арбауына түсіп қалған азаматтардың саны аз емес және олардың арбауына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін.
Өткен жылы басқарманың «Сyberpol» тобының қызметкерлері жалпы 169 әлеуметтік парақшаны бұғаттады.

2024 жылдың 12 айында жалпы алаяқтық қылмысы 23,9% (527-ден 653-ке) артқан, оның ішінде интернет-алаяқтық қылмысы 60,3%-ға (156-дан 250-ге) жеткен. Интернет-алаяқтық қылмысы салдарынан жәбірленушілерге жалпы 77, 797, 288 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілген.
Алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан осы жылдың 15 күнінде жалпы 15 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп отыр.

Көбіне кездесетін интернет-алаяқтықтың түрлері:

1. Күдікті өзін банк қызметкері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе полиция қызметкері ретінде таныстырып, құпия сөздерді сұрап, атынан несие рәсімдейді.

2. Танысыңыз ретінде WhatsApp арқылы қарызға ақша сұрап, ұсынған банк есеп шоттарына аударуды өтінеді.

3. Байланыс операторы ретінде хабарласып, SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі өткені жайлы айтып, құпия сөздерді сұрайды.

​Ескере кететін жайт, яғни алаяқтар сіздерге өздерін банк қызметкері немесе байланыс операторы ретінде хабарласып, бірінші құпия сөзді айтқаныңызда сіздің жеке бас мәліметтеріңізге ие бола тұра несие ала алмайды. Яғни бірінші құпия сөзі Сіздің «Egov» бағдарламасы арқылы жеке бас мәліметтеріңізге ие болуы үшін осыдан кейін қалған құпия сөздер несие алуға және ұсынылған есепшотқа аударылу үшін сұралады. Сол себепті алаяқтар банк қызметкері, байланыс операторы, ҰҚК, полиция қызметкерлерінің атын жамылып хабарласады, осындай жағдайда дереу әңгімелесуді тоқтатуыңыз керек.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес алаяқтардың арбауына түсетіндердің көпшілігі білім, денсаулық саласы қызметкерлері, студенттер және зейнеткерлер.

- Бүгінгі күнде басқарманың қызметкерлері тарапынан қала тұрғындарына халықтың қаржылық құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында тиісті іс-шаралар атқарылуда. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін өзіңіздің жеке бас мәліметтеріңіз бен құпия кодтарыңызды бөліспеулеріңіз сұралады, –деді Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру