Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған кафені жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған кафені жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың алты айы ішінде Ақтөбе қаласындағы «Ақшатау» кафесінде бес қылмыс тіркелді, оның ішінде бұзақылық, ұрлық және тонау бар. Сонымен қатар осы кезеңде полицияның 102 нөміріне 47 шақырту түсті. Қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлердің маңында орналасқан кафе айналасындағы тұрғындар үшін үлкен қолайсыздық тудырды. Таңнан бастап түн ортасына дейін жұмыс істейтін мекеменің маңында мас күйдегі адамдардың жиі жүруі, айналаны ластауы және тыныштықты бұзу полицияның күнделікті рейдтік және профилактикалық шараларының нысанына айналды.

Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары «Ақшатау» кафесінің жанында қоғамдық тәртіпті бұзудың 45 дерегін анықтап, тиісті шаралар қабылдады. Криминогендік ахуалды және халықпен өткізілген кездесулерде айтылған ұсыныстар мен шағымдарды ескере отырып, 2024 жылы полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Ақшатау» кафесінің құрылысында заңсыздықтар анықталды.

Осының негізінде сот ғимаратты бұзу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта шілде айында жұмысын тоқтатқан мекеменің ғимаратын жою жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар үшін жүріп-тұруға қолайлы жағдайлар жасалуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру